Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Медициналық университеттің филиалы ашылды

c 17:18, 22/04/2022 c 498

0:00 / 0:00

Орал қаласында Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің филиалы ашылды. Оқу орыны резидентурада оқитын дәрігерлердің біліктілігін шыңдайды.

Оқу орынының ашылу салтанатына денсаулық сақтау вице-министрі, Марат Оспанов атындағы университеттің ректоры мен директорлар кеңесінің төрағасы, жас дәрігерлер қатысты. Салтанатты жиында сөз алған меймандар оқу орнының филиалы жұмысына сәттілік тілеп, маңыздылығына тоқталды.

Оқу орнының филиалы 7 жыл жоғары білім алған дәрігерлердің резидентурада оқуына мүмкіндік береді. Қазіргі таңда 39 оралдық дәрігер білім алып, тәжірбиесін шыңдауда.

Осы оқу орынының филиалында резидентурасын оқып жатқан дәрігерлер өзге қалаға барып уақыт жоғалтпай, алған білімді ауруханадағы тәжірбиелі мамандардың кеңесіне жүгіне отырып, білік-дағдымен ұштастыруға болады,- дейді.

Жалпы Батыс Қазақстан облысында 271 дәрігер тапшы. Әсіресе, кардиологтар, хирург, анестезиолог ренематолог-дәрігерлер жетіспейді. Медицинаның аға буын өкілдері осы ашылған филиалда оқып, білім алған резидент-дәрігерлер болашақта өңірде қалып, науқастарды емдейді деп сенім артуда!

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.