Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚЫСҚЫ ДӨҢГЕЛЕКПЕН ЖҮРГЕНДЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ

c 17:31, 13/05/2021 c 670

0:00 / 0:00

Автокөліктерінің қысқы дөңгелектерін ауыстырмағандар айыппұл төлейді. Осылай деп темір тұлпар иелеріне ескерту жасаған погондылар қысқы шинаны ауыстыруды талап етті. Көліктерді тоқтату барысында жүргізушілердің басым бөлігінің маусымдық дөңгелектерін ауыстыруға құлықсыз екені байқалды. Мұздақты жолда көлік табанын тіреу үшін қолданылатын бүрлі шиналар қазіргі кезде жолдың қара жамылғысына нұқсан келтіріп жатқанын жүргізушілер елегісі келмейді. Талап баршаға ортақ. Ал жалпыға ортақ талап еленбеген жағдайда тәртіпті бұзған жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады дейді погондылар.
Ескерту жұмыстары көлік ағыны көп шоғырланған көшелерде жүргізілді. Жалпы, темір тұлпар иелерінің жартысынан көбі жаз уақыттында дөңгелектің шинасын ауыстырудың міндетті екенін біле бермейтін көрінеді. Сонымен қатар қыстан шыққан көлікті жазғы мезгілге дайындауға уақыт табылмайды. Оған қоса қаражат мәселесі де кедергі деп ақталды жүргізушілер.
Алдағы уақытта жүргізушілер көліктің 4 дөңгелегін бірден алмастыруы керек. Бұл заңды тұрғыда әр жүргізушіге міндеттелген. Себебі кейбір темір тұлпар иелерінің арасында немқұрайлылық танытып, машинаның тек алдыңғы дөңгелектерін ауыстыратындар бар. Салдарынан күні кеше төселген жол төсемі жарылып, шұрық тесік кейіпке түседі. Осылайша біздің облыста онсыз да сапасы сын көтермей тұрған жолдардың ахуалына аталмыш жағдай теріс ықпалын тигізуде дейді мамандар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.