Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қысқарту

c 19:52, 18/09/2020 c 804

0:00 / 0:00

Президенттің жолдауында айтылғандай, мемлекеттік қызметкерлер санын қысқарту басталды. Биыл мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің саны 10 пайызға, ал келесі жылы тағы 15 пайызға қысқартылады. Осылайша шенеуніктердің 25 проценті қысқартылып, үнемделген қаражат есебінен жұмыста қалған қызметкерлердің жалақысы көтеріледі. Өздеріңізге мәлім, қысқарту жүріп жатқанымен жаңадан Төтенше жағдайлар министрлігі, екі бірдей агенттік құрылды. Алайда, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова жаңадан құрылған органдар штат санының артуына әкеп соқпайды дейді.

Агенттіктің мәліметінше, 2018 жылы мемлекеттік қызметкерлер саны 98 мың 700 адам болса, бір жылдан кейін 97мың 400 дейін азайды. Ал биыл мемлекеттік қызметкерлер саны 97 мыңды құрап отыр. Енді Жолдауда айтылғандай олардың санын 25 пайызға қысқарту керек. Штат санын қысқарта отырып, жалақыны өсіру көзделген. Ал жұмыссыз қалғандарың жағдайы не болмақ? Жайылғанова ханым мыңдаған адам жекемншік салаға ауысып жатыр дейді.  Айта кетейік, мемлекет басшысы  мемлекеттік аппаратты ғана емес, квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін қысқартуды да тапсырған болатын.  Қысқартулар жүріп жатқанымен, жаңадан Төтенше жағдайлар министрлігі, бәсекелестік қорғау, стратегиялық жоспарлау агенттіктері құрылды. Бұл дегеніміз жаңа жұмыс орны. Алайда, Анар Жайылғанова  штат саны көбеймейді деп отыр.

Анар Жайылғанова –ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы «ТЖ министрлігі құрылды. Оған ІІМ құрамында болған ТЖ комитеті толық ауысты. Ал жаңа агенттіктерді айтатын болсақ, оларға мемлекеттік органдардағы функциялар беріледі. Бұл жерде де штат санын көбейту болмайды».

Жаппай қысқартуға декретте отырған әйелдер, жалғызбасты аналар, зейнет жасына 2 жыл уақыты қалған адамдар ілікпейді. Алайда, зейнет жасына келсе де еңбек етіп жүргендер қысқартуға алғашқылардың ірі болып ілігеді.

Зейнеткерлер жұмыстан  босатылса 1 мың лауазым бос қалады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.