Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Құрылыстағы қателіктер

c 15:41, 09/01/2020 c 1058

0:00 / 0:00

«Жайық самалы» бассейіні қашан пайдалануға беріледі? Бұл сұраққа БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының мамандары да нақты жауап бере алмай отыр. Өйткені бір жылға жуық уақыт жүрген жөндеу жұмыстарынан ақау табылған. Сапасыз жүргізілген құрылыс жұмыстары, нысандағы бөлме температурасының тұрақсыздығы және негізгі жүзу бөлімнен судың тысқа ағып кету себептерінен "Жайық самалы" жүзу бассейіні жұмысын тоқтатқан. Қазір 410 жасөспірім Оралдағы өзге спорттық мекемеде жаттығып жүр.«Жайық Самалы» бассейіні 2004 жылы пайдалануға берілген еді. Сол уақыттан бері күрделі жөндеу көрмеген нысанның кәріз жүйелерінің тозығы жеткен. Осы олқылықты жою барысында жіберліген қателіктердің салдарын жас спортшылар көруде. Сол себепті құрылыс жұмыстарымен шұғылданған мердігер компанияны спорт басқармасы сотқа берген. Ал сот процесінің қашан аяқталары әлі күнге дейін белгісіз. Суға жүзуді жанына серік еткен болашақ жүзгіштер бүгінде Оралдағы бірнеше спорт мектебіне барып жаттығып жүр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.