Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Құрбан айт мерекесін ұйымдастыруға барлық коммуналдық қызмет атсалысады

c 18:28, 16/08/2018 c 1129

0:00 / 0:00

Шаһар басшысының міндетін атқарушы Мирболат Нұржанов қала әкімдігінде өткен жиында осындай тапсырма берді. Игілік пен мейрімділік мейрамында жоқ-жітік жандарға құрбанға шалынған малдың еті үлестіріліп, "Мектепке жол" акциясы өткізілмек. Бұдан өзге мешіттер жанында спорттық шаралар оздырылады деп күтілуде.

Құрбан - араб тілінде "жақындау", яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу дегенді білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы - «шарттарымен санаса отырып, құлшылық ниетімен мал бауыздау» дегенге саяды. Құрбандыққа түйе, сиыр, қой, ешкі малы шалынады. Ал жылқы мен тауық сынды үй жануарлары құрбандық ретінде есептелмейді. Ірі малды 7 адам бірігіп шалуға болса, ұсақ мал бір адамның отбасы атынан шалынады.

Құрбан айт мерекесінің дұрыс ұйымдастырылып, жоспарланғандай өтуі үшін бірлесе атқарылған жұмыс маңызды. Бұл орайда құрбандық шалынатын орындарға арнайы маршруттар шығуы мүмкін. Құрбандық шалынатын арнайы орындар тізімі жарияланып, оған баратын жолаушы көліктері жөнінде ақпарат беріледі. Ал қасапшыларға мешітте малды шариғат бойынша қалай бауыздау, етті бұзу жөнінде арнайы семинар өткізіледі. Мерекенің оқу жылының қарсаңына тұспа-тұс келуіне бацланысты "Мектепке жол" акциясы өткізіліп, әлеуметтік аз қамтылған отьбасыларға көмек көрсетіледі. Бұдан өзге де қайырымдылық шаралары жалғасады. Және мерекеге орай, 19-тамыз күні сағат 9.30да Тәжіден батыр атындағы орталық базар маңындағы мешіт пен Зеленов ауданындағы Астана мешіті жанында спорттық ойындардан жарыс ұйымдастырылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.