Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Күн күрт суытады

c 18:07, 07/12/2018 c 804

0:00 / 0:00

Облыста көктайғаққа байланысты жолдар жабылды. БҚО ТЖ департаментінің мамандарының айтуынша, кеше сағат 22.00-ден бастап облыстық Чапаев-Жаңақала-Сайқын, сондай-ақ республикалық маңызы бар Чапаев-Жалпақтал-Қазталов бағытындағы жолдар жабылды.

Синоптиктердің болжамы бойынша алдағы күндері облыс аумағында күн жауын-шашынды болып, соның салдарынан көктайғақ орын алуы ықтимал.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда көктайғақтың салдарынан 55 адам жарақат алғанын хабарлаған болатынбыз. Сол себепті төтеншеліктер қауіпсіздік шараларының күшейтілгенін мәлімдейді.

Осыдан екі апта бұрын да ауа райының күрт өзгеруі салдарынан республикалық бағыттағы жолдар жабылған болатын. Ескерту шараларының қолға алынғанына қарамастан жолға шыққан көлік иесі темір тұлпарды тізгіндей алмай Ақжайық ауданына қарасты елді-мекен тұсында жол көлік оқиғасы орын алаған болатын. Сол себепті сала мамандары байланыс қызметтерінен келген хабарламаға құлақ асу қажеттігін ескертеді.

ДИНАРА ӘБДҮЛХАЛЫҚОВА
Қазір қар жауып тұр, сол себепті жолдан өту жолағы қармен көрінбеуі мүмкін. Сол себепті тұрғындар жолдан өтерде құлаққабыпты шешіп өз өмірлеріне жауапкершілікпен қараса дейміз.

Ал алдағы аптадан бастап күн қайтадан күрт суытады дейді синоптиктер!

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.