Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Құбылмалы субсидия

c 16:51, 20/02/2020 c 503

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстандық шаруалар субсидия беру мәселесінің тез өзгеріске ұшырауына наразы. Олардың мемлекеттік қолдаудың жыл сайын, кейде тіпті, жылына екі мәрте өзгеріп отыратындығына көңілдері толмай отыр. Министрлік шаруаларды қолдауға беретін қаражатты алу тәртібін биыл да өзгертпек. Батыс Қазақстандық шаруалар жағдай бұлай жалғаса берсе, отандық өнім тоқырауға ұшырап тынады деп дабыл қағуда.

Мемлекет мал шаруашылығында кәсіп ашып, оны дөңгелентіп отырған кәсіпкерлерге субсидия беріп, қолдап келеді. Бірақ, мемлекеттік қолдаудың талаптары мен тілектері жиі өзгеріске ұшырап, құбылып отырады. Бұл ата кәсіпті қолға алған кәсіпкерлердің дамуы үшін кедергі келтіруде.

Қазіргі таңда субсидия берудің алты түрі бар. Биылдан бастап, мемлекеттік қолдаудың үш түрін алу қиындай түспек. Ал, субсидияның екі түрі кәсіпкерлердің кәсібін дөңгелетуге септігін тигізеді-мыс. Мәселен, шетелден сатып алған аналақ асыл тұқымды сиыр үшін берілетін субсидия 225 мың теңгеден 300 мыңға дейін көбеймек. Бірақ, кәсіпкерлер шаруаларға қолдауды мақсат тұтқан көмектің болашағы бұлыңғыр,- дейді. Олар біздің елдегі субсидия мөлшері артқанмен, жағдайды бақылап отырған шетелдік сатушылар түрлі сылтауды желеу етіп, сиырдың бағасын қымбаттататынын атап өтті.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасында бас қосқан кәсіпкерлер субсидия беру мәселесінде тұрақтылық қажет,- дейді. Мемлекеттік қолдаудың жиі өзгеріске ұшырауының кесірінен жас кәсіпкерлер зардап шекпек. Сала мамандары бұқараны азық-түлікпен қамтып отырған салаға жас кәсіпкерлер келмесе, ата кәсіптің болашағы бұлыңғыр болып, шетелдік өнімге деген тәуелділіктің арттатындығы сөзсіз дейді. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері шаруалардың назын білетіндігін, оларды толықтай қолдайтындығын айтып, тиісті ұсыныс-пікірлерін министрлікке жолдайтындығын жеткізді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.