Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Коронавирус күшейді

c 19:15, 26/02/2020 c 1131

0:00 / 0:00

Қытайда шыққан короновирус күшейді. Адам өмірін қиып жатқан қауіпті індет тіркелген елдер қатары көбейіп жатыр. Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 78 мыңнан асып, оның 29 мыңнан астамы емделіп шыққан, деп хабарлады Қытай мемлекеттік денсаулық сақтау комитеті.  Қауіпті дерттен көз жұмғандардың саны 2 715 адамды құрады Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны 1 146 адамға жетіп, 11-і көз жұмды. Қазақстан короновирустың алдын алу шараларын тағы да күшейітті. Тіпті осы індет тіркелген елдерге сапарын жоспарлағандардың әуе билет құнын қайтару тапсырылды.

Еліміздің бас санитары Қазақстанда коронавирустық инфекцияның профилактикасы шараларын одан әрі күшейту туралы қаулыға қол қойылғанын хабарлады. Енді  қауіпті  індет шыққан елдерден келген азаматтарды 24 күн қатаң  медициналық бақылауға алатын болады. Қытаймен шекарадағы бекеттерде бақылау жұмыстары күшейтіледі. Медициналық мекемелердің  дер кезінде ақпарат беріп отыруы міндеттелген.Короновирус Қытайда тұрақтана бастағанымен, басқа елдерде өршіп жатыр. Оңтүстік Кореяда 11, Италияда  10 адам осы індеттен көз жұмды.

Қазақстан үшін індет жайлаған  қолайсыз елдер қатары артып отыр.

Қазақстан короновирустың алдын алу шараларын күшейту барысында, індет жайлаған шет елдерге сапарын жоспарлағандардың әуе билет құнын қайтаруды қолға алмақ.

Жалпы короновирустан 2600 аса адам ажал құшты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.