Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қоныс тойы тойланды

c 17:48, 01/06/2020 c 514

0:00 / 0:00

Бүгін Оралда тоғыз қабатты екі үй қолданысқа берілді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында шаһардың солтүстік-шығыс бөлігінен бой көтерген қос үйден 284 отбасы баспана алды. Тұрғындардың қуанышына облыс басшысы Ғали Есқалиев ортақтасып, 1 маусым - Балаларды қорғау күні мерекесінде баспаналы болған отбасылардың қоныстарына құтты болсын айтып, шаңырақтарының балғындардың шатты күлкісіне толы болуын тіледі.

Жаздың алғашқы күні 284 жерлесіміз үшін айтулы, ерекше күн болды. Яғни қоныс тойы тойланды. Шаңырақтары шаттыққа толған бұл отбасында тәрбиеленіп жатқан 400-дей баланың жүзі қуаныштан бал- бұл жанды. Елімізде жемісін берген көптеген мемлекеттік бағдарламалардың ішіндегі тұрғынжай мәселесін шешуге бағытталған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бірнеше жыл бұрын іске қосылған еді. Осы орайда қуаныш иелерін арнайы құттықтай келген облыс әкімі Ғали Есқалиев аталған мемлекеттік бағдарламаның тиімділігіне тоқталып өтті.Облыста «Нұрлы жер» арқылы былтыр 1080 пәтер тапсырылса, үстіміздегі жылы кемінде 1800 пәтер беріледі деп жоспарланып отыр. Яғни 80 пайызға көбейтілмек. Екіншіден, мұндай жобалар елдімекендердің дамуына серпін беруде.
Бағдарлама аясында облыс орталығында ғана емес, аудан-ауылдарда құрылыс қарқын алып, су жаңа баспанаға ие болғандар қатары артуда. Солардың бірі бүгінгі қуаныш иелері  - Бәкиевтер отбасы. Пайдалануға берілген екі үйдің құрылысын «СКФ Отделстрой» және «Болашақ-Т» ЖШС-лары жүргізген. Олардың бірі - 180, екіншісі - 104 пәтерлік. Қаланың солтүстік-шығыс бөлігін игеру 2016 жылы басталған болатын. Магистралды инженерлік желілер тартылып, қазіргі уақытта автокөлік жолдарын салу, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жаңа шағынауданның аумағы - 108,6 гектарды құрайды. Бұл аумақта 30көпқабатты үй салу жоспарланған. Бүгінде 10 нысанның құрылысы жүруде.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.