Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Комиссия шешімі

c 16:35, 24/02/2020 c 465

0:00 / 0:00

Орал қаласында Еуразия даңғылын Абай даңғылы деп өзгертуге байланысты ономастикалық комиссияның отырысы өтті. Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлына облыс орталығынан көше беру ұсынысын "Қазақстан жазушылар одағының" мүшелері көтерген болатын.

Биыл Хакім Абайдың 175 жылдық мерей тойы еліміздің түкпір-түкпірінде кеңінен аталып өтіледі. Бүгінде еліміздің аумағында Абайдың есімімен көше, ауыл мен мектептер бар.  "Қазақстан жазушылар одағының" батыс қазақстандық филиалының мүшелері облыс орталығындағы басты даңғылдардың бірі -Еуразияны Абай деп атауға ұсыныс білдірген еді. Аталмыш ұсыныс ономастикалық комиссияда қаралды.

Комиссия отырысының жұмысына қала тұрғындары мен зиялы қауым өкілдері атсалысты. Жиында сөз алғандар хакім Абайдың еңбегін еске түсіріп, жаңашылдықты қолдауға шақырған болатын.

Бірақ, комиссияның отырысында Еуразия даңғылын Абай деп өзгертуге қарсы шыққан қала тұрғындары да болды. Барлық пікірді тыңдаған ономастикалық комиссия мүшелері Еуразия даңғылын Абай деп өзгертуге шешім қабылдады. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы сол көшеде тұратын жандар ешқандай құжатты өзгертпейтінін айтып, көше атауын өзгерткен кезде қазынадан ешқандай қаржы кетпейді деп сендірді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.