Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қоқыс полигоны

c 18:00, 17/11/2020 c 688

0:00 / 0:00

Осыдан бірнеше жыл бұрын ашылған қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау зауыты жылына 700-800 тонна қоқысты сұрыптайды. Бұл зауыттың мүмкіндігі дұрыс пайдаланылмай отыр деген сөз. Сала мамандары сұрыпталған өнімнің аздығын кадр тапшылығымен түсіндіреді. Қазіргі таңда зауытта 40 шақты адам жұмыстануда. Бірақ аталмыш кешенге 80 жұмысшы қажет. Облыстағы қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигон мәселесі өте өзекті болып отыр. Өңірде 200-ден астам қатты тұрмыстық полигон бар. Олардың көбі ауылдың қасында орналасқан. Барлығы дерлік экологиялық-санитарлық талаптарға сәйкес келмейді.

Эколог мамандар облыс орталығындағы қоқыс полигонына байланысты мынандай уәждерін айтады.

Өркениетті елдер қатты тұрмыстық қалдықты қайта өңдеп, қоқыстың арқасында үйін жылытып, электр жарығын алып отыр. Облыста да осы жаңашылдықты қолданып, одан газ алсын деп қоқыс полигонын сенімгерлік басқаруға берген еді. Бүгінде зауыт қоқысты сұрыптап жатыр. Жылына 700-800 тонна қоқысты сұрыптапты. Ал жинақталған пластик пен әйнекті Ресейге саудалауда. Қазіргі таңда мамандар картонды аулаларында жинап отыр.

Осыдан бірнеше жыл бұрын қоқыс полигоны өзге аумаққа көшіріледі деп атқарушы билік сүйіншілеген болатын. Бүгінде аталмыш жобаның тек экономикалық негіздері жасақталуда.

Жаңа қоқыс полигоны Орал қаласы мен Бәйтерек ауданында орналасады. Оның аумағы 70 гектар болады деп күтілуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.