Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Көктем-2020" оқу-жаттығуы

c 15:18, 26/02/2020 c 439

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысында "Көктем-2020" атты республикалық оқу-жаттығу жұмыстары басталды. Аталмыш шара көктемгі су тасқынына төтеп беру мен дайындықты пысықтау үшін ұйымдастырылып отыр. Оқу-жаттығу жұмыстары техниканың сап түзеуімен басталды.

Облыс орталығында орналасқан Тұңғыш президент алаңында барлық төтенше жағдай мен атқарушы билікке қарасты мекеме өкілдері көктемгі су тасқынына төтеп беру үшін қолданылатын техникаларын көрсетті. Алаңға сап түзеген көліктердің баршасы төтенше жағдайда қалған азаматтарды құтқарып, тасқынға тосқын болуға арналған. Биыл облыс орталығында қардың еріген суын жинап алу үшін арнайы мотопомпо сатып алынған.

Облыс әкімінің орынбасары"Көктем-2020" оқу-жаттығу жұмыстарының қарқынымен танысты. Сала мамандары былтыр сатып алған техниканың жай-күйі мен оның артықшылықтарын пысықтап, төтеншеліктермен тілдесті. Биыл облыстық әкімдік төтенше жағдай қызметінде еңбектеніп жатқан мамандардың жұмысын жеңілдету мен адам өмірін түрлі қатерден арашалау үшін арнайы техникаларды сатып алмақ.

Сала мамандары көктемгі табиғаттың тосын мінез танытуына толықтай дайынбыз,- дейді. "Көктем-2020" оқу-жаттығу жұмыстары екі күнге жоспарланған. Аталмыш шараларда төтеншеліктер дайындықтарын пысықтап, техникаларын сынақтан тағы бір мәрте өткізбек.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.