Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Көгалдандыру жұмыстары қарқын алды

c 15:59, 20/05/2021 c 919

0:00 / 0:00

Орал -жасыл қала! Осы статусты сақтап қалу үшін біраз еңбектену қажет. Былтыр атқарушы билік облыс орталығын абаттандырып, көгалдандыру үшін мердігер компаниялармен 3 жылға келісімшартқа отырды. Қазіргі таңда тендерді ұтып алған компаниялардың бірі гүл отырғызса, енді бірі тал-теректерін егуде.

Өткен жылы ұйымдастырылған абаттандыру мен көгалдандыру бойынша
тендерді ұтып алған компаниялар жұмысқа білек сыбана кірісті. Былтыр қалаға жасыл-желек отырғызу үшін екі компания 3 жылға дейін жарамды келісім-шартқа қол қойыпты.

Тендер ұтқан компанияның бірі қала бойынша 22 гүлзарға гүл отырғызу жұмыстарын бастады. Мамандар биыл көпжылдық өсімдіктерге басымдық берілгенін айтады.

Гүл отырғызу жұмысы жуық арада аяқталмақ. Кейін жауапты мамандар гүлзарларды күтіп ұстап, суаруға міндеттеледі. Қаланың көркін келтіру үшін студенттерден құралған "Жасыл Ел" жасақтары коммуналдықтарға жаздан бастап қолқабыс қылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.