Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қауіпті ошақтар әлі де бар

c 17:34, 23/04/2019 c 1127

0:00 / 0:00

Облыстың Сырым, Ақжайық, Жәнібек, Бәйтерек, Қаратөбе, Казталов аудандарында бруцеллез ауруына шалыдыққан жануарлар көбейіп отыр. Бұл туралы бүгін Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының басшысы Серік Нұрмағанбетов баяндады. Өткен жылы облыс бойынша бұл салаға 1 млрд. 92 млн. теңге қаражат бөлінсе, биыл 1 млрд 22 млн.теңге қарастырылған. Өңірде қауіпті аурулардың 27 ошағы тіркелсе, соның 13-і - құтыру, 10- қарасан, 3 пастерелез 1 брадзот. Бұлар негізінен үй жануарлары арасынан шыққан. 2018 жылдың қорытындысы бойынша облыста бруцеллез ауруының 8 ошағы тіркелсе, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 6 қолайсыз мекен сауықтырылып ұсақ малдар арасында инфекциялық эпидидимит ауруы бойынша 5 ошақ толықтай сауықтырылған. Осы орайда өңірде ветеринариялық алдын алу шаралары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Бүгінгі таңда сібір жарасы ауруына қарсы егілуі жоспарланған 378  750 бастың 80%-ы, қарасанға қарсы 83%, дерматитке 79 пайыз, ал құтыру ауруына қарсы шара толықтай орындалған. Биыл бұл мақсатқа 4,5 млн. доза вакцина көлемі келген. Күні бүгінге облыс аумағында жануарлардың аса қауіпті ауруларының 4 ошағы тіркеліп отыр. Құтырудың 2 фактісі олар Қаратөбе ауданы Сұлукөл а.о. «Асылбек» ШҚ және Сырым ауданы Қособа а.о. орын алған. Қарасанға қатысты - 1оқиға -Бәйтерек ауданы Трекин а.о. «Береке» ШҚ тіркелген. Пастереллез - 1 дерегі Бөрлі ауданы Пугачев а.о болып ауылдық округ әкімдерімен шектеу шаралары қолға алынған. Осы орайда сатып алынған жануарлар мен төл алынғанда, жануарлар қырылғанда, бір мезетте бірнеше жануар ауырғанда, ауруға күдік келтірген кезде жергілікті ветеринариялық мамандарға хабарлауы тиіс.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.