Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қауіпті қалдықтар

c 16:32, 03/10/2019 c 1839

0:00 / 0:00

Оралдағы тұрмыстық қалдықтарды сақтау полигонын басқарушы мекеме өз міндетін дұрыс атқармай отыр. Бұл туралы экологиялық департаменттің мамандары хабарлады. Естеріңізде болса, күл қоқыс тастайтын орын осы маусымда бірнеше мәрте отқа оранып, тұрғындар наразылығын тудырған болатын.

Қатты тұрмыстық қалдықтар тастайын бұл полигон 1975 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Осы мерзім ішінде қала халқы өсіп, сәйкесінше аталған коммуналдық орын қайтадан жаңғыртуды талап етуде. Сала мамандары жаңа орын жобасының жасақталғанын да тілге тиек етті. Дегенмен қоқыс тастайтын нысанның құрылыс жұмыстары қашан басталатыны әлі күнге дейін беймәлім. Күл қоқысқа толған орында тұтанған тілсіз жау биыл өзге де коммуналдық мекемелер қызметін әбден әбігерге салды. Осы орайда табиғат қорғаушылар бірнеше мәрте тексеру жұмыстарын жүргізіп полигон бақылаушы компанияға үш мәрте айыппұл салған.
Департемент мамандары атап өткендей енді компаня жұмысы қатаң бақылауға алынбақ. Шаһар территориясында бүгінде барлығы төрт жүзге жуық күл қоқыс тастайтын орын бар. Алайда ең басты проблема осы полигонда туындап отыр. Табиғат қорғаушылар үстіміздегі жылы басқарушы компанияның қызметіне осы кезге дейін төрт мәрте тексеру жүргізген. Өкінішке орай оның барлығында түрлі олықылықтарға жол берген фактілерді анықтапты.
Айнур Айболат Саша

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.