Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Қауіпсіз жаз" акциясы ұйымдастырылды

c 18:22, 24/05/2022 c 789

0:00 / 0:00

Орал қаласында балалардың су айдындарында қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін "Қауіпсіз жаз" акциясы өтуде. Апталық аясында құтқарушылар оқушыларға судағы қауіпсіздікті түсіндіріп, арнайы дәріс оқып, техникаларды көрсетті.

Демалыс кезінде баланы көзден таса қылып, өз бетінше серуендеуіне рұқсат беретін ата-аналар бар. Ересектердің назарынан тыс қалған балалар өз бетінше суға түсуге әуес. Төтеншеліктер оқушыларға арнап арнайы "Қауіпсіз жаз" акциясын ұйымдастыруда.

Оқушылар білікті құтқарушылардың дәрісін тыңдап, суға кеткен адамды құтқарудың әдіс-тәсілдерін үйренді.

: Өткен жылы БҚО-да облысында 24 адамның ажалы судан келді. Өкінішке орай, сегіз бала суға батып кетті. Сала мамандары биыл қайғылы статистика қайталанбас үшін баланы көзден таса қылмауды сұрайды. Жалпы облыс аумағында 19 арнайы белгіленген суға түсетін орын бар. Оның 8-і облыс орталығында орналасқан. Суға түсетін орындар арнайы жабдықталып, міндетті түрде жағалау маңында құтқарушылар жұмыс істеуі шарт.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.