Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қатаң жаза

c 18:28, 30/12/2019 c 1002

0:00 / 0:00

Жаңа жылдан бастап мас күйінде көлік жүргізгендерге, зорлық-зомбылық қылмысына қатысты, мал ұрлығы мен броконьерлерге қатысты қылмыстық жазаға тарту күшейтіледі. Қаңтар айынан бастап ішімдік ішіп алып, көлік тізгіндеп, адам өліміне себеп болса 10 жылға сотталады.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қылмыстық заңнамаға бірқатар түзету енгізілген болатын.Бұл жайында бүгін баспасөз маслихатын өткізген Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді.

Жаңа жылдың қатаң талаптары. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық жасаған педофилдер өмір бойы бас бостандығынан айырылады.

Марат Ахметжанов – ҚР бас прокурордың орынбасары; «Балаларға қатысты зорлық-зомбылық жасағандар 20 жылға немесе өмірбойы бас бостандығынан айырылады. Мұндай жаза жасөспірімдерге қатысты жасалған қылмыс үшін де қолданылады».

Көлікті шімдік ішіп алып тізгіндейтін жауапсыз жүргізушілерге қатысты жаза күшейді. Прокуратураның мәліметі бойынша,  автокөлікті мас күйінде жүргізетіндерге байланысты жыл сайын 30 мыңнан астам оқиға тіркеледі. Жаңа жылдан бастап, мас күйінде жол ережесін бұзғандар 1 жылға дейін бас бостандығынан айырылады және 10 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылады. Ішімдік ішкен күйде  көлік тізгіндеген жүргізушінің кесірінен адам қайтыс болса, онда ол 10 жылға сотталады. Броконьерлерге қатысты жаза қатаң болмақ. Қорықтағы балықтардың сирек кездесетін түрлеріне және Қызыл кітапқа енген жануарларды заңсыз аулағандар 6 жылға соталады, ал қылмыстық топтың құрамында немесе аса ірі мөлшерде қылмыс жасалса – 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.Осылайша ақбөкендерді аяусыз атқандар қатаң жазаланады.

Есірткі сататындарды да қатаң жаза күтіп тұр. Прокурордың айтуынша, есірткі сататындар күнде жаңа тәсілдер ойлап табуда. Олар есірткі туралы ақпаратты үйлерге, жатақханаларға және басқа да объектілерге орналастырып, хабар тартумен айналысады. Енді бұл  ауыр қылмыс болып саналады.Бұдан былай, интернет арқылы, түнгі клубтарда, дәмханаларда, парктерде есірткі айналымымен айналысқандар 15 жылға дейін сотталуы мүмкін. Ал кәмелетке толмаған жеткіншектерге  осындай тәсілмен есірткіні сатқандар өмір бойы бас бостандығынан айырылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.