Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікке кепіл сертификат

c 17:46, 05/12/2019 c 599

0:00 / 0:00

Мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер Біржан Қожақов индустриалды сертификат ала алмай отыр. Осы себепті ол өндірген бұйымдар мемлекеттік сатып алу негізінде ашық алаңға шыға алмай, бүгінде кәсіпкер не істерге білмей дал. Кәсіпкер Біржан Қожақовтың айтуынша индустриалды сертификат алу үшін қомақты қаражат қажет екен. Оның үстіне аталған құжат тек Нұр-Сұлтан қаласында берілетіндіктен оған жиһазды жеткізу мен эксперт мамандарды Оралға алдыру 10 миллионға жуық ақшаны талап етеді мыс. Индустриялдық сертификат өндіріс ошағы өнімнінің бәсекеге қабілеттілігін дәлелдейтін бірден бір заңды құжат болып табылады. Бұл жүйе осы жылдың шілде айында енгізілді. Сала мамандарының айтуынша мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер өз уәжімен уәкілетті мекемелерге көмек сұрап бас сұқпаған. Яғни негізгі талаптарға баса мән бермей отыр. Бүгінге дейін индустриялдық сертификатқа облыс бойынша 10-нан аса бизнес нысандары ие болған. Құжат жинауға не бәрі 3 ай уақыт қана кететін көрінеді. Айта кеткен жөн сертификатты алуға бірнеше жиһаз жасаушы кәсіпорындар бірігіп жұмыстануға болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.