Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қасиетті Құрбан айт

c 16:06, 06/08/2019 c 1602

0:00 / 0:00

Күллі мұсылман қауымының қасиетті мейрамдарының бірі құрбан айт біздің елімізде 11-тамыз күні тойланбақ. Сол күні жергілікті уақытпен таңғы 7-де айт намазы оқылып болған соң, жаппай құрбан шалуы рәсімі басталады. Биыл қала аумағында құрбан шалатын орындар арнайы белгіленіп, айтқа имамдар жаппай дайындықты да бастап кетіпті.

Күллі мұсылман қауымы 30 күн оразадан соң, 70 тәуліктен кейін құрбан айт мейрамын тойлайды. Биыл Қазақстан мұсылмандар басқармасы қасиетті мерекенің бастауын 11 тамызға бекітті. Айт тамыздың 13-іне дейін жалғаспақ. Дін шарттары бойынша барша балиғат жасына жеткен, ақыл- есі дұрыс, жолаушы емес жандар құрбан шалғандары абзал..

Биыл азаматтар қала көлемінде «Ел ырысы», «Кублей» және "Батыс адал ет" мекемелері аумағында құрбандықтарын өтемек. Шаһар имамы белгіленген орындарда тазалық шаралары бақылауда болады,-дейді. Мереке қарсаңында сала мамандары қасапшыларға арналған арнайы семинар да ұйымдастырмақ.

Тамыздың 10-шы жұлдызы қарапа деп белгіленді. Ол күні Меккеге қажылыққа барған жандар "Арафат" тауында құлшылық жасайды. Ал, қажылыққа бармаған жандар ол күні ауыз бекітіп, ораза ұстағандары абзал. Ұлттық салт-дәстүрімізге сәйкес, қарапа күні де мал сойылып шектік береді. Алайда, ол құрбандық болып есептелмейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.