Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Картоп жинау науқаны басталды

c 17:33, 20/08/2020 c 611

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысында бау-бақша мен картоп өнімдерін жинау науқаны жүріп жатыр. Он шақты күн бұрын шаруалар картоп өнімдерін жинауды бастапты. Мамандар қазіргі таңда орташа есеппен бір гектар жерден 150 центнер өнім алып отырғанын айтады.

Шаруалар өнімнің аз шығуын жайсыз ауа-райынан көріп отыр. Биыл аптап ыстық пен жел картоптың өсуіне кедергі келтірген. Мамандар былтыр бір гектар жерден 300 центнер өнім алғанын айтады.

Макаровтың картоптары Орал қаласы, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Шымкент шаһарларында саудаланып, Украина мен Түрікменияға экспорталады. Мемлекет шаруа қожалықтарын қолдауға субсидия беріп қолдауда.

БҚО-да 200-ге жуық кәсіпкер бау-бақша өнімдерін өсірумен айналысады. Биыл 9,1 мың гектар жерге бау-бақша дақылдары мен картоп өнімі егіліп, 600 гектар жерден картоп жиналған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.