Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Карантиндік шаралар жеңілдетілді

c 17:26, 02/03/2021 c 473

0:00 / 0:00

БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 1 наурызда жаңа қаулысы шықты. Бұдан былай мемлекеттік қызметкерлердің - кемінде 60, жеке кәсіпкерліктегілердің 50 пайызы қашықтан жұмыс істейді. Сондай-ақ жабық базарлар мен сауда үйлері жексенбі күні де жұмыс жасайтын болады. Мектептерде бұрын 1-5 сыныптарда кезекші топтағы оқушылар ғана оқыса, енді бәрі де дәстүрлі түрде білім ала алады. Тек бір сыныпта балалар саны 15-тен аспауы қажет. Сондай-ақ осы кезге дейін сабақтан тыс уақытта 5 баладан аспайтын топқа жеке оқытуға рұқсат берілді. Ал сыныптар ішінде бала саны 25-тен аспауы тиіс, ал одан көп болса, онда білім басқармасымен бірлесе отырып, оқушылар екіге бөлініп оқытылады.Орал қаласындағы М. Ықсанов атындағы ЖББОМ ұжымы карантиндік шаралардың жеңілдетілгеніне дән риза. Себебі жылдан аса уақыттан бері ұстаз бен оқушы арасындағы тығыз байланыстың бұрынғыдай болмауы балалардың оқу үлгерімінің аз да болса ақсауына себепші болған. Мектеп оқушылары парталарға арнайы санитарлық талаптарға сай отырғызылып, білім берілуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.