Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Карантин енгізілді

c 12:49, 06/07/2020 c 551

0:00 / 0:00

БҚО -да тағы да карантин енгізілді. Аталмыш шектеу шаралары бесінші шілдеден бастап облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысы негізінде қабылданып отыр.

Елімізде соңғы күндері өкпесі қабынып, сырқаттанған науқастардың саны күрт артып, медициналық көмекке зәру жандардың қарасы көбейді. Азаматтар дәріхананың алдында кезек күтіп, тиісті дәрісін таба алмай, дәрігерлер мен медициналық құрылғалардың тапшылығы анық байқалды. Коронавирус инфекциясының таралуын тоқтату мақсатында үкімет карантин талаптарын бекітті. Өңіріміздегі шектеу шаралары 5-ші шілдеден басталып отыр. Облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес бірінші кезекте адам көп жиналатын садақа мен той, спорттық додалар, форум мен көрмені ұйымдастыруға қатаң тыйым салынды.

Шектеулерге сәйкес саябақтарда үш адамнан артық серуендеуге болмайды. Және облыстағы барлық балабақша, азық түлік және азық-түлік емес базарлар, ойын-сауық орталықтар, түнгі клубтар мен сұлулық салондары өз жұмысын тоқтатады.

Соңғы тәулікте облыс аумағында ковид-19 кеселін 103 науқастың жұқтарғаны анықталды. Өңірде жұқпалы індет жалпы 3295 адамнан табылған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.