Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қала әкімі жастармен кездесті

c 18:16, 30/05/2022 c 949

0:00 / 0:00

Қала әкімі болып жақында тағайындалған Миржан Сатқанов Оралдың белсенді жастарымен кездесті. Кездесу бейресми форматта өтті. Жалынды жастар атқарылған жұмыстар жөнінде айтып, толғандырған сауалдарын шаһар басшысына жолдады.

Қызметіне жаңадан тағайындалған шаһар басшысы ел ертеңі жастармен кездесті. Кездесу "Арқанды саябақта" өтті. Бейресми форматта өткен жиынға түрлі ұйымның жетекшілері, өнер иелері мен белсенді жастар арнайы келді. Кездесуде сөз алған қазақ күресі ассоциациясының президенті Әсет Сұлтанұлы жастар арасында ұлттық құндылықты нығайту керек деген пікірін білдірді.

Жиынға қатысқан жандар жастарды толғандырған сауалдарды ортаға салды. Жастарға арналған баспана, нит санатындағы балалармен жұмыс және балалар жылы аясында аула клубтары мен спорттық ойындарды көбейту мәселесін көтерді. Жалпы Орал қаласы бойынша 55 мыңнан астам жас бар. Олардың бос уақыты мен жан-жақты тұлға ретінде дамуы үшін жобалар қолға алынып келеді.

Қала әкімі жалынды жастардың проблемасын тыңдап, қордаланған мәселені бірлесіп шешуге шақырды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.