Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ғылыми-практикалық конференция өтті

c 18:03, 10/12/2021 c 2688

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-де Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған "ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы: Нәтиже. Жетістік. Болашаққа бағдар" атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға ғалымдар, магистранттар мен студенттер қатысты.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде егемендіктің 30 жылдық мерей тойына орай арнайы ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция барысында 30 жылдағы университет ғалымдарының жеткен жетістіктері мен ғылыми жаңалықтарын мамандар жіпке тізді.

Университет қабырғасында өткен ғылыми-практикалық конференция 5 секцияда өз жалғасын тапты.Ғалымдар жерді дұрыс пайдалану, экономиканы қайта құру, ғылым мен техниканың дамуы және биотехнология, ветеринария салаларының өзекті проблемаларын талқылады.Өсімдік шаруашылығына арналған секцияға 24 жұмыс келіп түскен. Ғылыми жұмыстың көбі докторанттарға тиесілі екен.

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-де ғылыми-практикалық конференция жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Бұл игі шара ғылымның дамуына ат салысады.
Ғалымдар, магистранттар мен студенттер шара барысында пікір алмасып, зерттеп жүрген тақырыптарын ортаға салды. Отыз жылдағы университеттің жетістігі де аз емес. Қиын-қыстау кезеңде оқу ордасы студенттерге арналған корпус салып, білім мен ғылымның дамуына көп көңіл бөліп, дарынды жастарды қолдауға көп көмектесті. Осындай игі шаралар ұйымдастыру арқылы білім ордасы ғылымның даму көрсеткішін зерделейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.