Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Грек-рим күресінен ел біріншілігі өтті

c 15:52, 18/05/2021 c 489

Ақсай қаласында Ұлы Жеңіс күнінің құрметіне және Ұлы Отан соғысының ардагері Кушев Сағынбас Есжанұлын еске алуға арналған грек-рим күресінен республикалық чемпионат өтті. Жасөспірімдердің бабы мен бағын сынайтын додода 16 команда бақ сынады. Боз кілемде 260-тан астам палуан белдесті.

7 жыл қатарынан Ақжайық өңірінде Ұлы Жеңіс күніне орай және Ұлы Отан соғысының ардагері Кушев Сағынбас Есжанұлын еске алуға арналған турнир дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Грек-рим күресінен өткен жарыс 16 команданың басын қосып, жас балуандар боз кілемнің шаңын қақты. Сайысты ұйымдастырушылар ел біріншілігі 2015 жылдан бері өтіп жүргенін айтады. Алайда былтыр пандемияға байланысты шараны ұйымдастыруға тыйым салынған. Биыл спортшылар мен жаттықтырушылар ұзаққа созылған үзілістен кейін бағы мен бабын сынау үшін Ақсайға табан тірепті.

Грек -рим күресінен ұйымдастырылған ел біріншілігі 3 күнге жоспарланған. Сала мамандары: "Бұл жарыстың жас спортшыларды тәрбиелеудегі мәні зор",-дейді. Себебі осындай додалардың арқасында балуандардың білігі мен білімі шыңдалып, тәжірбие жинақтайды. Жаттықтыруышылар бір ғана Бөрлі ауданында 200-ге жуық бала грек-рим күресінің қыр-сырын меңгеріп, ұдайы түрде жаттығатынын айтады.

Боз кілемде белдескен жас балуандардың бірі ел біріншілігінде бірінші рет өнер көрсетсе, енді бірі тәжірбиесін жинақтап, үшінші орынан көрініп отыр.

Жарыс соңында жеңіс тұғырынан көрінген чемпиондар марапатталды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.