Қазір эфирде

Бағдарлама кестесі жоқ

01:00

Технический перерыв

19:30

Новости

20:45

Cinemaтограф park

21:00

Әлем және аймақ жаңалықтар

Garden электронды сайт жүйесі өз жұмысын тоқтатты

c 17:42, 11/11/2019 c 785

0:00 / 0:00

Орал қаласы бойынша 130-ға жуық мектепке дейінгі ұйым бар. Аталмыш мемлекеттік балабақшалар кезегіне орнығуға 15 000 бала ниетті. Бүлдіршіндердің балабақшаға орналасуына дәнекер болған Garden.bilim-oral.gov.kz электронды сайт жүйесі іске қосылғалы, ата-аналар тарапынан арыз-шағым көбейгені мәлім. Мәселен, биылғы жылдың тамыз айында оралдық ата-аналардың ұсынысымен "Ақжайық - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің араласуымен жиын өткізіліп, сайтқа қатысты көңіл толмаушылықтар қатары жіпке тізілген еді. Garden.bilim-oral.gov.kz электронды сайт жүйесі арқылы балабақша кезегіне тұрған ата-аналар өздерімен бірге ағайын-туыстарын да араластырып, орынды брондауға мүмкіндік алып келген деседі. Тіпті, осы жүйенің қолайлығын аңғарған ақшақұмарлар, жекелей парақша ашып, "балаңызды балабақшаға кіргізіп беремін",- деп қызметтерін қомақты қаржыға ұсынатындар көбейген. Сол себепті Орал қалалық білім бөлімі Garden.bilim-oral.gov.kz электронды сайт жүйесін "Indigo" бағдарламасына ауыстырған. Қазіргі таңда "Indigo" бағдарламасына айтар арыз-шағым азайған. Сала мамандары «INDIGO» мектепке дейінгі білім беру жүйесінің хакерлік шабуылдардан қорғалғандығын айтады.Сонымен қатар, сайт жетістігінде балабақшаға кезекке орналастыру, орнын ауыстыру, жан басына шаққандағы қаржыландыру есебі, балалардың электронды жеке істерін жүргізу, үлгерімі мен қатысуын электронды табельге енгізу сынды іс-әрекетінің тізбегін бақылауға мүмкіндік береді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.