Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Футбол аламаны

c 14:50, 23/04/2019 c 896

0:00 / 0:00

Орал қаласында 2006 жылғы балалар арасында Қазақстан Чемпионаты басталды. Ақжайық өлкесінде ел біріншілігінің бірінші кезеңі өтуде. Сайыстың қорытындысы тамыз айында белгілі болмақ.

Жас спортшыларды тәрбиелейтін мамандар өңірімізде футболға деген қызығушылық жоғары деседі. Қазіргі таңда спортпен өмірін байланыстырып, келешекте ел намысын қорғауды мақсат тұтқан 700 бүлдіршін орталықта дайындалып жатыр. Олар түрлі додада бақ сынап, шеберліктерін шыңдауда.

Кеше Тараз бен Оқжетпес командалары тартысты ойнап, жеңісті Тараздың тарландары қанжығалаған болатын. Сайыстың екінші күнінде Көкшетаудың Оқжетпесі Семейдің аяқ допшыларымен кездесті.

Облыс орталығындағы 2006 жылғы жасөспірімдер арасындағы сайыстың бірінші кезеңі 28-ші сәуірде қорытындыланбақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.