Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Еріктілер бетперде таратты

c 17:58, 17/11/2020 c 481

0:00 / 0:00

8 қарашадағы қаулыға сәйкес көпшілік жүретін орындар мен қоғамдық көлікте бетперде кию міндеттелді. Өйткені БҚО-да эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз. Аты жаман ауруды жұқтырғандардың саны артып келеді. Сол себепті адамдар көп шоғырланатын жерлер басты назарда. Негізгі міндет-бақылау емес, қолғабыс болу. Айтқан сөзімізге дәлел ретінд тоқталсақ, бір топ еріктілер шаһардың орталық базарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, адамдар саны көп қоғамдық көліктерде бетперделер тегін таратылды.
Аталмыш шара барасында 1000-нан аса бетперде берілді. Негізгі мақсат- қала тұрғындарына бетперде киюді міндеттеу емес, оның маңыздылығын түсіндіру. Сіз арнайы масканы кие отырып өзіңізді, қала берді өзгені вирус жұқтырудан сақтайсыз. Қала тұрғындары аталмыш шараға оң көзқараста. Тегін таратылған маска артық болмасы анық. Ал бетперде тақпай жүрсеңіз айыппұл арқалауыңыз мүмкін. Акция аясында жүргізушілерге үн парақтар табысталды. Олар да жолаушылардың қауіпсіздігіне тікелей жауапты.
Облыс бойынша COVID-19 7527 жағдайы тіркелген. Індеттен 6961 адам сауығып кетсе, өкінішке орай 128 адам қайтыс болды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.