0:00 / 0:00
Орал қаласында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. Жас қатысушылар мен олардың ата-аналары үшін қолдау көрсетуге, өзара қарым-қатынасты нығайтуға және көтеріңкі көңіл күй сыйлауға бағытталған мазмұнды бағдарлама әзірленді. Іс-шараны қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұйымдастырды.










