Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Ер көжек" ертегісі телеарнада көрсетілмек

c 13:25, 31/12/2020 c 889

0:00 / 0:00

Жастар мәдениет үйінің қызметкерлері бүлдіршіндерге арналған "Ер көжек" атты қойылымды сахналады. Бұл қойылымда кәсіби емес әртістер ертегіні сомдады. Сахналық қойылымның толық нұсқасын ТДК-42 телеарнасы мереке күндері көрерменге ұсынбақ.

Жастар мәдениет үйінің қызметкерлері бүлдіршіндерді жаңа жыл мерекесімен ерекше құттықтады. Мәдениет саласының қызметкерлері "Ер көжек" ертегісін сахналады.

Мәдениет саласының майталмандары жыл сайын балаларға мерекелік ертеңгілік ұйымдастырып, бүлдіршіндердің көңіл-күйін көтеретін еді. Алайда, биыл пандемияға байланысты ойын-сауық шараларының көбі қысқартуға ұшырап, барлығы онлайн режимге көшкені баршаға аян. Әртістер сахналаған қойылым батыл көжек жайында.

Арнамыздың кішкентай көрермендері Жастар мәдениет үйінің қызметкерлері ұсынған ертегіні 1-ші қаңтарда сағат 12:25-те тамашалай алады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.