Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Еңбек семестрі басталды

c 17:21, 03/06/2019 c 1150

0:00 / 0:00

Махамбет Өтемісов атындағы БҚМУ - да студенттік құрылыс және "Жасыл ел жастар еңбек жасағының салтанатты ашылуы өтті. Шараның мақсаты: Студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оларды жұмысқа орналастыру. Аталмыш университеттің студенттері жыл сайын кәсіби шеберлігін шыңдап, түрлі аталым бойынша үздік танылған.

Махамбет Өтемісов атындағы БҚМУ студенттері 2001 жылдан бастап Елбасының бастамасымен жүзеге асып келе жатырған "Студенттік құрылыс" жасақтары мен "Жасыл ел" жастар жасағының жаңа маусымын ашты. Аталмыш бағдарлама Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, олардың демалыс уақытында жұмыс жасап, отбасына жәрдемдесіп, қоршаған ортаны қорғауды көздейді. Жыл сайын аталмыш университеттің студенттері «Үздік жасақ», «Үздік жауынгер», «Үздік командир» және «Үздік оқу орны» сынды номинацияларда жеңімпаз аталынып, жоғары нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді.

Биылғы жылы университет қабырғасында студенттік құрылыс жасағы құрылып, құрамында 20 студент қаланың көркейіп, көгалдануына үлес қосып, университеттің құрылыс жұмыстарында аянбай қызмет атқарса, 120 студент «Жасыл ел» жастар еңбек жасағында жұмыс жасауға дайын. БҚМУ-  тек ғана үздік білім алушылардың ғана емес, сонымен қатар еңбекқор жастардың ортасы.

Махамбет Өтемісов атындағы БҚМУ қабырғасында еңбек семестрінің салтанатты ашылу шарасында «Еңбек» эстафеталық сайысында үздік нәтиже көрсеткен студенттер марапатталды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.