Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Электр тоғынан ауру болдық»

c 09:42, 02/03/2021 c 322

0:00 / 0:00

Нұр-Сұлтан қаласының  оң жағалауындағы Күлтегін көшесіндегі жекеменшік сектор тұрғындары 20 жылдан астам уақыт жоғары вольтты электр тоғынан зардап шегіп келеміз деп, дабыл қағады. Тұрғындардың сансыз шағымынан соң, Ұлттық сараптама орталығы бұл жердегі электр тоғының тым жоғары вольтты екенін растаған. Алайда, аудан тұрғындарын бұл жерден көшіру туралы мәселе қозғалып та жатқан жоқ. Әкімдік тек шағымдарыңызды қарастырып жатырмыз деген құр уәдеге тойдырды дейді олар.

Әсем астанада екі қаланың адамдары тұрып жатқандай. Сол жағалауы мен орталығында көздің жауын алатын зәулім үйлер бой көтерген. Ал оң жағалаудың шет-шетіне аяқ бассаң мүлдем басқа әлем. Жермен жексен болған ескі үйлер, жолы жоқ көшелерге тап боласың. Күлтегін көшесіндегі жекеменшік сектор тұрғындары ең басты проблема -  жоғары вольтты электр тоғынан зардап шегіп келеміз деп, дабыл қағады. Тоқсаныншы  жылдары тартылған бұл электр желілілері  адамдарға қауіп төндіріп  тұр. Олардың айтуынша, кезінде жаңа қаланы салуға энергия көзін тарту керек болды. Бұл сол кезде орнатылған. Ал жергілікті тұрғындарға басқа жерге көшіреміз деген таудай уәде берілген. Себебі, мына электр энергиясын таратып тұрған мұнаралар адамзатқа қауіпті. 20 жылдан астам уақыт осы жерде әлі тұрып жатқан олар «элеткр тоғынан ауру болдық»- дейді. Осы көшеде тұратындардың 85 пайызы науқас, көбісі онкологиялық ауруларға шалдыққан.

Талай әкім ауысты, бірақ бәрі құрғақ уәдемен құтылған.  Адамдар он жылдап өтініш-шағымдарын жазып, бармаған жері, баспаған тауы қалмады.Қала басшылығының бар қатырған шаруасы сараптама жасауға ақша бөлген. Ұлттық сараптама орталығы  бұл жерде электр тоғының тым жоғары вольтты екенін растаған. Бұл жерге қала әкімі де, маслихат депутаттары да келіп мән-жаймен танысқан. Бірақ, нәтиже жоқ. Ал басты талап, осы жерден көшірсін дейді тұрғындар.  Енді олар арыз-шағымын Президент пен Парламентке жолдап отыр. Одан нәтиже шықпаса халықаралық ұйымдарға қолқа саламыз деп отыр.

Ал энергетиктердің айтуынша, электр таратушы желілердің қасында тұру қауіпті емес. Бірақ 500 кВ желілер әрине адам денсаулығы үшін қауіпті. Сол себепті оларды қаладан, ауылдан алыстау жерге орналастырған жөн. Егер 3 қатарлы тоқ сымы тартылған болса, оның зардабы бар. Тіпті қуаты ең аз деген электр таратушы желіні 100 метр қашықтықта орнатқан жөн.

Жәнібек Байдолла – энергетик «Егер ол үнемі сол жерде тұрып жатқан болса, адамның жүйке жүйесіне зиян келеді. Себебі электр тоғының маңайында магниттік кеңістік бар.Ол адамның жүйке жүйесіне кері әсер етеді. Оның соңы онкологяилық ауруларға да әкеп соғады. »

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.