Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Екпе салу міндеттеледі

c 21:23, 18/10/2019 c 824

0:00 / 0:00

Елімізде  екпе алмаған балалар  балабақшаға қабылданбайды. Бұл қатаң норма жаңадан ұсынылған Денсаулық сақтау кодексіне енгізілген. Бұл жайында Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин елорда өткен брифингте мәлімдеді. Әу баста, екпе салдырмаған балалардың ата-анасына айыппұл салу ұсынылғантын. Алайда, жаңа заңнамада ондай норма жоқ. Ал екпесіз балаларды қабылдаған балабақша басшыларына айыппұл салынады.

Күні кеше ғана еліміздің бас дәрігері Елжан Біртанов денсаулық сақтау кодексін Парламентке таныстырған болатын. Сол заңнамада балаларға екпе салдыру мәселесіне аса назар бөлініп отырғанын аңғардық. Бүгін Қазақстанның бас санитары кодекс талабына сай, екпе салдырмаған балаларды балабақшаға қабылдамайды деп отыр.

Нұр-Сұлтан қалалық қауіпсіздігін бақылау комитеті департаментінің мәліметінше, қызылша жұқпалы ауруы ушығып, тек елордада 13 баланың өлімі тіркелді. Бекшин мырзаның айтуынша, екпе жасатпаудың салдары қорқынышты. Мысалы, Африкада қызылшаға қарсы екпе жасатпағандықтан, бір түнде 9 бала қайтыс болған дейді ол.

Вакцинациядан бас тарту салдарынан балалары ауырып қалған ата-аналарға айыппұл салынбайды. Ал екпесіз балаларды балабақшаға қабылдаған мекеме басшыларына айпыпұл салынуы мүмкін. Айыппұл көлемі 15 АЕК немесе 38 мың теңгені құрайды. Енді елімізде жұқпалы ауруларға қарсы баларға  екпе салдыру мәселесінде қоғамның пікірі екіге бөлінген. Көптеген азаматтар діни көзқарастарына қатысты екпеден бас тартып жатады. Жалпы екпе салдыру, салдырмау адамның өз құқығы деген пікірлер де бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.