Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Екінші толқынға дайындық

c 19:05, 14/09/2020 c 415

0:00 / 0:00

Қазақстан екінші толқынға дайындықты бастап кетті. Бұл жайында еліміздің бас дәрігері Алексей Цой айтты.  Министр  көрші елдерде ауруға шалдығу деңгейі артып жатқандықтан, сақтықта қорлық жоқ деген қағиданы ұстануда. Ал жалпы елде  жағдай тұрақты. Сондай-ақ, бүгіннен бастап Қазақстанда тұмауға қарсы екпе басталды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өзі тіркелген №6 қалалық  емханаға барып, алғашқы болып тұмауға қарсы екпе жасатып алды.

Дені саудың, жаны сау демекші. Еліміздің бас дәрігері  Алексей Цойдың  бүгінгі жұмысы өз денсаулығын реттеумен басталды. Министрдің екпе салдыруы үлкен шарағ айналды. 6 емхана қызметкерлері таңнан бері аяғынан тік тұрып, Алексей Цойды қарсы алды. Осылайша министр алғашқылардың бірі болып тұмауға қарсы екпе салдырып алды. Ол өзіне ресейлік  вакцина жасатты. Биыл қауіпті індет-ковидтің таралауына  байланысты тұмауға қарсы екпе екі апта бұрын басталып отыр. Мектеп оқушылары, жүкті әйелдер, созылмалы ауруы бар және 60 жастан асқандар екпені тегін алады. Ал қалған адамдар үшін екпе ақылы. Вакцинаның құны 2,5 мың теңгеден басталып 4 мың теңгеге дейін жетеді.

Алексей Цой –ҚР ДСМ "Мен тұмауға қарсы вакцинаны жыл сайын салуға тырысамын. Бір рет дәл осы вакцинация кезінде респераторлық ауруға шалдығып қалдым. Негізі, жыл сайын осы №6 емханада екпе алып отырамын. Өзімді ойдағыдай сезінемін. Ауырсақ та, ауру жеңіл өтеді. Оған қоса, барлық медицина қызметкері вакцина алуға міндетті".

Сондай-ақ, министр Цой коронавирустың  таралуының екінші толқынына дайындалып жатырмыз деді. Жалпы 5 мың өкпені жасанды желдету аппараты қажет болса, соның 3 мыңы орнатылыпты. Алдағы күндері қалғаны жеткізіледі деп отыр. Еуропа және ТМД елдерінде коронавирус инфекциясының өршіп келе жатқанын ескере отырып, барлық қажеттілікті қамтуда.

Алексей Цой-ҚР ДСМ «Көрші елдерде ауруға шалдығу деңгейі көтеріліп жатыр. Әсіресе, Еуропа аймағында және ТМД елдерінде науқастардың саны көбейіп келеді. Бізде жағдай тұрақты. Соған қарамастан, төсек орындарын жасақтап, дәрі-дәрмекті алып жатырмыз. Бетперде және басқа да жеке қорғаныс құралдары бар. Бұның бәрі қорда жинақталып тұруы қажет. Біз екінші толқынға дайындалып жатырмыз. Әрине, оның болмағаны жақсы»

Сақтықта қорлық жоқ.  Ең бастысы – бетперде тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтау керек. Себебі, сырқаттанушылықтың 30 пайызы маска тағуға, 40 пайызы арақашықтық сақтауға байланысты. Өкінішке қарай, кейбір  адамдар бетперде тағу режимін сақтамайды дейді министр.Егер санитарлық норманы дұрыс сақтансақ, екінші толқын болмауы да мүмкін.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.