Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Екі бүлдіршінді зорлаған

c 18:08, 09/08/2019 c 678

0:00 / 0:00

Жаға ұстатар жағдай. Облысымызға қарасты Теректі ауданындағы ауылдардың бірінде 19 жасар азамат екі бірдей бүлдіршінгесексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсетті деген күдікпен ұсталды. Облыстық Полиция департаментінен жеткен факті бойынша айыптыға сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Зәбір көрген бүлдіршіндер 5 пен 7 жаста. Күдікті олардың отбасымен көршілес тұрған. Азғын азамат көрші үйде тұратын екі жас қыз баланы зорлаған. Бұл туралы 7 тамыз күні қыздардың бірі полицияда жұмыс істейтін әкесіне айтқан соң ғана белгілі болды. Куәгерлердің сөзінше зәбірленген екі қыздың біреуі қалада тұрады, бірақ қылмыс кезінде кентіндегі туыстарына қонаққа қыдырып келіпті. Ұсталған азамат жақында әскерден оралғаны, оған дейін төбелеске қатысқаны үшін бірнеше рет полицияда тізімде тұрғаны белгілі болды. Бүгін сот күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын қолдану туралы шешім шығаруы тиіс.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.