Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Екі адам қаза тапты

c 15:13, 30/12/2019 c 453

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, алтауы түрлі жарақат алды. Оқиға 27 желтоқсан күні Орал - Атырау жолында болып, «Лада» және «Рено» автокөліктері соқтығысқан. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 67 жастағы әйел оқиға орнында мерт болған. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады.23 жастағы тағы бір әйел ауруханада көз жұмды. Ақжайық аудандық орталық ауруханасына алты адам жеткізілді. Ашық бас-ми жарақатын алған 43 жастағы әйелдің миына зақым келген. 23 жастағы әйелдің қабырғалары сынған. Жабық бас-ми жарақатын алған 25 жастағы жас жігіттің кеуде тұсы да көгерген. 45 жастағы, 24 жастағы және 26 жастағы ер адамдар да түрлі жарақат алған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.