Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Егіннің жай-жапсары

c 17:58, 20/08/2018 c 828

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстандық тауар өндірушілер жаңа өнімді Солтүстік Қазақстандықтардан сатып ала бастады. Жазғы мезгілде болған құрғақ ауа-райына байланысты бидай өнімдерінің саны аз. Облыстық ауыл шаруашылық басқармасының мамандары, егістік алқаптарының 15 пайызының өнімі есептен шығарылады деп отыр. Бірақ, диқаншылар ұн мен нан тапшылық болмайды деп отыр.

Диқаншылар өткен жылы 368 мың тонна егін жинапты. Бұл соңғы 25 жылда жиналған егіннің ең үлкен көрсеткіші еді. Қазіргі таңда, сала мамандары 100 мың тоннаға жуық егін жинап алған. Диқаншылар бір гектар жерден орташа есеппен 8,5 центр өнім алыпты деседі. Мұндай көрсеткіштер өңірдің жалпы қажеттілігіне жетпейді. Бүгінгі таңда, Желаев нан комбинатында егін бар бірнеше вагон тұр. От арба вагондарының баршасы Солтүстік Қазақстаннан келген. Солтүстік бір тонна егіннің бағасын 47 мың теңгеге бағалап отыр.

Батыс Қазақстандық тауар өндірушілер өндіріс ошақтарын жандандырып жатыр. Мәселен, Желаев комбинатының өнімдері Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғаныстан мен Ресейге тасымалдануда. Қазіргі таңда, комбинатта макарон өнімдерін жасақтайтын жаңа цех та өз жұмысын бастапты. Егер өңірде егіннің жетіспеушілігі байқалса, сала мамандары Солтүстік және Қостанай облыстарынан егінді сатып алмақ.

Өңіріміз үшін 112 мың тонна егін және 180 мың тонна жемдік астық қажет.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.