0:00 / 0:00
Орал қаласының Деркөл кентінде балаларға арналған жаңа шығармашылық орталық ашылды. «Сарыарқа өрендері» мектептен тыс жұмыс орталығы қосымша білім берудің жаңа мүмкіндіктерін ұсынып, жүздеген оқушыны өнерге, спортқа және зияткерлік дамуға баулуды көздейді. Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында өткен салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй мен облыстық білім басқармасының басшысы қатысты. Жаңа нысанның мүмкіндіктерімен танысқан қонақтар балалардың шығармашылық жұмыстары мен үйірме сабақтарын тамашалады.










