Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Депутаттар екпеге қарсы

c 21:22, 25/11/2019 c 711

0:00 / 0:00

Депутат Бекболат Тілеухан екпе салуды міндеттеп отырғандардың артында млрдтар тұр деп ашуланды. Өздеріңізге мәлім, елімізде  екпе алмаған балалар  балабақшаға қабылданбайды. Бұл қатаң норма жаңадан ұсынылған Денсаулық сақтау кодексіне енгізілген. Заңға сәйкес, екпесіз балаларды қабылдаған балабақша басшыларына айыппұл салынады. Кодекс қазір Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр. Алайда, бір топ депутат екпе салуды міндеттеуге үзілді-кесілді қарысылық білдіріп отыр.

Мәжілістің қарауындағы Денсаулық сақтау кодексі үлкен дау тудырып отыр. Ззаңнамада балаларға екпе салдыру мәселесіне аса назар бөлініп отырғанын аңғардық. Денсаулық сақату министрлігі екпе салдырмаған балаларды балабақшаға қабылдамайтын норма енгізді. Осылайша екпе салу міндеттеліп отыр. Алайда, бұл нормаға қатысты Мәжіліс депутаттарының ойы екіге жарылды. Бір жағы министрліктің ұсынысын қолдаса, Тілеухан, Смирнова, Магеррамов бастаған депутаттық топ үзілді-кесілді қарсылық білдірді. Екпе салуға міндеттеу- қазақстандықтардың конституциялық құқын бұзып отыр деді депутат Тілеухан. Ашуына мінген мәжілісмен халықты елден кетуге мәжбүрлеп отырсыздар деп шүйлікті.

Балаларды мүгедек қылған екпелерді енгізудің артында млрдттаған ақша тұр деп даурықты Бекболат Тілеухан. Ал екпеге қарсы ойынан қайтпайтынын айтып, ашуланды.

Дәрігерлер қауымы болса, жұқпалы ауруларға қарсы екпе салдырмаған жағдайда, шетелге шығу қиындайтынын айтады. Нұр-Сұлтан қалалық қауіпсіздігін бақылау комитеті департаментінің мәліметінше, қызылша жұқпалы ауруы ушығып, тек елордада 13 баланың өлімі тіркелді. Мысалы, Африкада қызылшаға қарсы екпе жасатпағандықтан, бір түнде 9 бала қайтыс болған оқиға бар. Ал депутаттардың қарсылық бірдіруі  профессор Досқалиев үшін түсініксіз жағдай болып отыр.

Бұған дейін, вакцинациядан бас тарту салдарынан балалары ауырып қалған ата-аналарға айыппұл салынады деген ұсыныс та болғанды. Алайда, ол ұсыныс өтпеді. Ал екпесіз балаларды балабақшаға қабылдаған мекеме басшыларына айыппұл салынады. Айыппұл көлемі 15 АЕК немесе 38 мың теңгені құрайды. Осылайша, жұқпалы ауруларға қарсы баларға  екпе салдыру мәселесінде қоғамның пікірі екіге бөлінді. Көбі діни көзқарастарына қатысты екпеден бас тартып жатады. Жалпы екпе салдыру, салдырмау адамның өз құқығы деген пікірлер де бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.