Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ЕКІ ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ

c 18:08, 01/02/2021 c 339

БҚО-да жылыту маусымы басталғалы өрт оқиғалары азаймай тұр. Аяқ асты орын алатын тілсіз жаудың салдарынан қайғылы жағдайға апаратын оқиғалар да жиіеп кеткен. БҚО-да демалыс күндері екі бірдей өрт оқиғасы тіркелді. 29 қаңтарда 14 сағат 49 минутта Теректі ауданы Аңқаты ауылында лаулаған жалын тұтанды. Нақты айтсақ, Жеңіс көшесі 6 мекенжайындағы жалпы ауданы 100 ш.м. болатын жеке тұрғын үй өртке оранды. Өрт сөндірушілердің күшімен оқиға орнынан 8 газ баллоны шығарылған. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Тілсіз жау 4 сағаттан соң толық сөндірілді.
Екінші оқыс оқиға облыс орталығы Орал қаласында болды. Төтеншеліктерге 30 қаңтар күні таңғы 06 сағат 55 минутта Дәулеткерей 133 мекенжайында өрт шыққаны жөнінде хабар келіп түскен. От тұтанған орынға жеткен кезінде жалпы ауданы 100 ш/м құрайтын үйдің төбе жабындысы мен шатыры жанып жатқаны анықталды.
Жалпы БҚО-да жылыту маусымы басталғалы 152 өрт оқиғасы тіркелген. Салдарынан 6 адам қаза тауып, 7 адам түрлі жарақат алыпты. Төтеншеліктердің айтуынша, өрт оқиғаларының 70 пайызы жеке тұрғын үйде болатын көрінеді.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.