0:00 / 0:00
Орал қаласында белгілі спорт жанашыры, ұстаз әрі қоғам қайраткері Асқар Шайхиевті еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнирдің алғашқы жарыс күні өз мәресіне жетті. Дүбірлі додаға Қазақстанның әр өңірінен келген екі жүзден астам спортшы, сондай-ақ Ресей мен Өзбекстаннан келген командалар қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жарыс барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, тартысты белдесулер көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Турнир жас спортшылардың шеберлігін шыңдап қана қоймай, халықаралық спорттық байланысты нығайтуға да мүмкіндік беруде.










