Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бюджет тиімділігі

c 10:08, 23/06/2020 c 484

0:00 / 0:00

Ағымдағы жылдың 5 айында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 1,7 пайызға төмендеді. Бұл жайында Үкімет басшысы Асқар Мамин жабыз есік жағдайында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты. Праламент таратқан ақпаратқа сай, премьер-министр депутаттар алдында жасаған баяндамасында ел экономиканың негізгі салаларында өсім қамтамасыз етілгенін айтқан. Тауарлар өндірісі 4,8 пайызға артты.Қазіргі жағдайда Үкіметтің негізгі міндеті – экономика өсімінің оң қарқынына шығу үшін қажетті жағдайларды жасау. Ол үшін еліміздегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау бойынша ауқымды шаралар қабылданып жатыр деді ол.

Елдегі пандемияға қатысты бүгінгі мемлекеттік органдар түгел онлайн режимде жұмыс істеуге көшкен. Сол сияқты үкімет пен парламент те наурыз айынан бері осы режимде қызмет етуде. Ал бүгінгі  Парламент палаталарының бірлескен отырысы біз күткендей онлайн өтпеді. Жабық есік жағдайында өткен жиыннан Праламенттік баспасөз қызметі таратқан ақпаратпен шектелуге тура келді. Қиылып, кесіліп бізге жеткен ақпаратқа сай, премьер-министр Асқар Мамин бастаған шенеуніктер бүгін Парламентте депутаттардың алдында Үкіметтің 2019 жылғы жұмысы және экономиканы одан әрі дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берді. Маминнің айтуынша, осы жылдың бес айында жалпы ішкі өнім 1,7 пайызға төмендеген.Осы орайда  экономиканың негізгі салаларында өсім қамтамасыз етілгенін айтады.  Дегенмен, әлемде мұнай бағасының құлдырауы, пандемияның салдары экономиканы әлсіретіп отыр. Бұл орайда үкімет Үкімет 2020 жылға арналған экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды әзірлеп отыр. Ол іскерлік белсенділікті ынталандыруға, жұмыспен қамтуды және халықтың табысын қолдауға бағытталған нақты салалық шараларды қамтиды.

Асқар Мамин – ҚР үкімет басшысы; «Кешенді жоспарды іске асыру үшін Парламент қысқа мерзімде заңнамаға шұғыл түзетулер топтамасын қарастырып жатыр. Жаңа экономикалық шынайылық орта мерзімді перспективада елдің сапалы әрі тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін экономикалық саясатқа түбегейлі өзгерістерді енгізуді талап етеді"

Парламент депутаттары болса, 2019 жылғы бюджеттің атқарылуында сол баяғы қазына қаржысын тиімсіз пайдалану қайталанып отыр деп сынады.

Аманжан Жамалов –ҚР парламент мәжілісінің депутаты; «Сол баяғы кемшіліктер орын алып отыр.Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану әлі де болса бар.тиімсіз жоспарлау, ұлттық қордың ақшасын рәсуа қылу. Сенат пен Мәжіліс депутаттар үкіметке  осы кемшіліктерді жою бойынша өз ұсынымдар бердік».

Парламенттің қос палата депутаттары Мамин үкіметіне Ұлттық қордан алынатын жыл сайынғы кепілдендірілген және нысаналы трансферттер оның түсімдерінің мөлшерінен аспауы тиістігін айтты. Ал бюджетті  жоспарлауда шығыстардың тиімділігіне назар бөлуге,  сондай-ақ, бюджет процесіне азаматтардың қатысуымен ашық бюджетті жаппай енгізу қажеттігін атап өтті. Ең бастысы мемлекеттік тапсырыстың көлемін қысқартып, шығыстардың ашықтығын қамтуға кеңес берді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.