Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бүгін БҚО-на ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев іс сапармен келді

c 17:49, 12/10/2018 c 750

Бүгін БҚО-на ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев іс сапармен келіп, аймақ активінің жиынына қатысты. Кездесу барысында ел президентінің жолдауы талқыланып, энергетика саласында Ақжайық өңірінде атқарылар жұмыс жоспары толығырақ мәлім болды.

"Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру". Елбасының осы жолдауын талқылау мақсатында өткен актив отырысында өңірдің энергетика саласындағы тың серпін берер сүбелі жоспарлар жөнінде айтылды.

"Қарашығанақ петролиум оперейтинг" компаниясының аймақ дамуына әлеуметтік төлемдерден бөлінетін қаражаты екі есеге ұлғайып отыр. Бұл жөнінде аймаққа іс сапармен келген энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді. БҚО активі жиынына қатысқан министр Отандық үлесті арттырып, қоршаған ортаның экологиялық жағдайын сақтауға көңіл бөлу қажетін бас айтты. Аймаққа жылына 10 млн. АҚШ долларын бөлу жоспарлануда. 2018 жылы КПО компаниясы тауар мен қызмет үшін 208,9 млн. доллар бөліпті. Бұл жалпы үлестің 56 пайызын қарайды. Биыл битум өндірісін 750 мың тоннаға жеткізу жоспалануда. Сондай-ақ 2019 жылы елді 100 пайыз отандық сұйық отынмен қамту көзделуде. Бүгінгі күнге дейін кен өндіруші компания аймақ инфрақұрылымын дамытуға 342 млн. теңге бөлген. Бұл сомаға 14 медициналық мекеме, 28 білім нысаны, 12 әлеуметтік нысан бой көтерген. Жыл сайын 20 млн. теңге бөлініп отырса, енді оған тағы 10 млн. теңге қосылмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.