Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бос орындар жәрмеңкесі өтті

c 17:49, 19/07/2019 c 1141

0:00 / 0:00

Орал қаласында бос орындар жәрмеңкесі өтті. Аталмыш шара облыс көлемінде екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жандарға арналған. Жәрмеңкеде 500-ден астам бос жұмыс орындары ұсынылыпты.

Батыс Қазақстан облысында 140 мың жас бар. Олардың 2,8 пайызы екі қолға бір күрек таба алмай жүр. Өңірімізде жұмыссыздардың санын азайту мақсатында Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрында бос орындар жәрмеңкесі өтті. Шара "Uralsk job fair-2019" деп аталды.

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бос орындар жәрмеңкесінде отыздан астам жұмыс беруші 500 бос жұмыс орынын ұсынды. Жұмыс берушілердің қызметке орналасуды көздеген жандарға түрлі талап қойып отыр.

Бос орындар жәрмеңкесі барысында түрлі саланың мамандары жастарға кеңес берді. Олар кәсіпті қалай ашу керек, қандай бизнес үлкен табыс алып келеді немесе оқуды жаңа бітірген түлектер үшін қандай мемлекеттік бағдарламаларға қатыса алатындығы туралы ақпарларымен бөлісті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.