Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО Тасқала ауданынан 100 жыл бұрынғы жауынгерлердің қаңқасы табылды

c 17:05, 15/08/2018 c 896

0:00 / 0:00

Тарихшылар сүйектерді осыдан 100 жыл бұрынғы азаматтық соғыс кезіндегі сарбаздарға тиесілі деп болжап отыр. Бастарына белгі салынбай, жерлеу рәсімінсіз көмілген мәйіттердегі қаңқалар бүгін Орал қаласына жеткізіліп, діни жоралғымен жер қойнына табысталды

Қаңқалар жанынан 3 желілік Мосина винтовкасы мен оқ-дәрі және олардың қаптары салынған сөмке, әскери гимнастерка мен жиналмалы пышақ, бытыралар мен оқтар табылған. Жауынгерлердің бірінде ескі дәстүрге сай ішкі айқаршық болғаны анықталыпты. Сарбаздар сол бір қанқұйлы соғыс кезінде жерленбей көмілген деген ұйғарым жасалып отыр. Азаматтық соғыс кезіндегі сарбаздардың қаңқалары Тасқала ауданы аймағынан табылып отыр. Қазба жұмыстарын жүргізген археологтар сүйектер мен табылған заттарға қарап бұлар 100 жыл бұрын көмілген жауынгерлер қаңқасы деген дәйекті растайды. Жауынгерлер хрестиан дінің өкілдері. Сондықтан діни жоралғы бойынша жиылғандар жаназа рәсімін жасап, мәйіттерді жер қойнына тапсырды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.