Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да шабақтар қырылып қалды

c 16:49, 19/11/2018 c 1286

0:00 / 0:00

Сырым ауданы Тоғанас ауылы маңындағы Шолақаңқаты өзенінде қырылған
900 мың балық шабағының қырылып қалу  себебі анықталу үстінде. Десе де аталмыш өзендегі шлюзге жөндеу жұмыстары жүріп жатырғаны аян. Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін негізгі су ағызылса да тереңдігі 15-20 см болатын шалшық су қалған. Ауа температурасының күрт төмендеуі нәтижиесінде жалпы аумағы 1800 шаршы метр шалшық мұз болып қатқан. Шамамен 1 шаршы метрде 500 дана балық болған.

Қайрат Ыбыраев, БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы : - Әлеуеметтік желіде таралған балықтың қырылу дерегі рас. Олардың арасында ақкөз, қызылқанат, қылышбалық, мөңке балықтар бар. "Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғау үшін Сырым ауданының ішкі істер бөлімінде құжаттар рәсімделіп жатыр.

Ал бұл қарпайым ауыл тұрғынының ұялы телефонына түсірілген бейнекөрініс. Көрініп тұрғандай мұз астында әлі де тірі тіршілік иесі бар екені аян. Яғни табиғат қорғаушылар уақыт жоғалтпай атқа қонуы тиіс.
Жануарлар әлеміне келтірілген шығындар кейінірек есептеледі және балықтардың қырылуына айыптылар жауап береді", - дейді сала мамандары.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.