Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО - да бір топ полиция қызметкері мен командир взводы пара алу үстінде ұсталды.

c 17:05, 23/01/2020 c 634

БҚО - да бір топ полиция қызметкері мен командир взводы пара алу үстінде ұсталды. Пара алушы полицейлерді БҚО жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің қызметкерлері ұстап отыр. Оқиға 21 қаңтар күні болған. БҚО Жол патрульдік полиция батальоны взводының командирі мен осы взводтың бірнеше полициясы пара алу кезінде қолға түсіп тұр. Олар "Орал- Атырау" және "Орал - Ақсай" тас жолы бойындағы көлік жүргізушілерінің жасаған заң бұзушылықтарын жабу үшін жүйелі түрде пара алып келгені белгілі болып отыр.Олар осы тас жолдарда көлік жүргізушілеріне әкімшілік хаттама толтырмас үшін жүйелі түрде 2000 теңгеден 10000 теңге аралығындағы параны алып келген деп мәлімдеді БҚО жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.