Қазір эфирде

Бағдарлама кестесі жоқ

01:00

Технический перерыв

19:30

Новости

20:45

Cinemaтограф park

21:00

Әлем және аймақ жаңалықтар

БҚО-да "7-20-25" бағдарламасына қатысуға 58 өтініш қабылданған

c 17:27, 23/08/2018 c 933

0:00 / 0:00

Бұл жөнінде бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. ҚР ұлттық банкі өкілдері тілшілермен болған кездесуде қанша несие рәсімделгенін атап, "әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру" ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасының жүргізілу барысын баяндады.

Несиенің нысаналы мақсаты - тұрғын үй сатып алуға арналған. Яғни салымшы өз қалауы бойынша баспана тауып, несие рәсімдей алады. Бұл кезде шотында үй немесе пәтер құнының 20 пайыздық бастапқы жарнасы болуы керек. Ипотекалық тұрғын үй қарызы тек қана теңгемен беріледі. Батыс Қазақстан облысында сатып алынатын баспананың ең жоғарғы бағасы 15 миллион теңгеден аспайды. 2018 жылғы қаңтар - шілдеде банктердің филиалдары 142,6 млрд. теңге сомасында кредиттер беріліпті. Бұл 2017 жылдың қаңтар - шілдемен салыстырғанда 22,4%-ға көп. Ұлттық валютада берілген кредиттер 141,8 млрд. теңге құрап, 22,5%-ға өскен. Шетел валютасында берілген несиелер көлемі де 12,1 есеге көбейіпті. 2018 жылғы 20 тамызға елімізде екінші деңгейдегі банктермен жеке тұлғалардан 7-20-25 бағдарламасы бойынша займ алу үшін 1586 өтінім қабылданды, соның ішінде жалпы сомасы 11,9 млрд. теңгеге 1026 өтінім мақұлданыпты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.