Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Бизнесті бірге қорғайық" форумы өтті

c 17:52, 07/06/2022 c 932

0:00 / 0:00

Орал қаласында "Бизнесті бірге қорғайық" деген атаумен бизнес субъектілерін қорғауға арналған форум өтті. Форумға құқық қорғау органдарының қызметкерлері, атқарушы биліктің өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты. Іс-шара барысында бизнесмендердің кәсібін дөңгелентуге тұсау болатын жағдайлар мен кедергілерді туралы баяндалды.

Оралда алғаш рет "Бизнесті бірге қорғайық" атты форум өтті. Бұл форумға прокурорлар, кәсіпкерлер мен атқарушы билік өкілдері, кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын уәкіл мен "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты. Алғашқы болып жиында облыс әкімі сөз алды.

Форумда кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын уәкіл күні бүгінге дейін 31 мың арыз-талаптың келіп түскенін хабарлады. Арыздың көбі салық, жер телімдерін беру мен сәулет құрылыс саласына қатысты екенін айтты. Ал, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі жақында кәсіпкерлерге қойылатын талаптар заң жүзінде бекітілгенін мәлімдеді. Заңнамада көрсетілмеген талаптар кәсіпкерлердің қызметі мен ісін көркейтуге тұсау салады.

Ал облыстың бас прокуроры 14 мың кәсіпкердің құқығын қорғадық деп мәлімдеді. Жандос Өмірәлиев прокуратураның басты міндеттерінің бірі-"Бизнесті қорғау" екенін баса айтты.

Ақжайық өлкесінде алғаш ұйымдастырылған "Бизнесті бірге қорғайық" форумында прокурорлар, ұлттық кәсіпкерлік палата, әкімдік пен кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын уәкіл бизнес субъектілерінің проблемаларымен бірге күресіп, бизнестің дамуына тосқауыл болатын жайттарды болдырмау үшін "Жол картасына" қол қойды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.