Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бизнес форум

c 15:14, 09/12/2019 c 481

0:00 / 0:00

Орал қаласында еліміздің ықпалды бизнесмендері мен кәсібін алғаш ашқан жандардың басын біріктіретін арнайы форум өтті. Аталмыш шара облыс орталығында осымен екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Форумның ұйымдастырушылары кәсібін дөңгелентіп отырған жандардың қызықты әрі тартысқа толы өмірі мен еңсерген қиындықтары көптеген адамдарға мотивация сыйлап, тәжірбие жинақтауына септігін тигізеді,- дейді.

Оралда 700 азаматтың қасын қосқан ірі бизнес форум өтті. Аталмыш шараға келген азаматтардың 125-сі Нұр-Сұлтан, Қостанай, Ақтау, Атырау мен өзге шаһарлардан арнайы келген. Шараның ұйымдастырушылары форумның мақсаты: батыс өңірінде дамуды көздеген, белгілі бір кәсіппен айналысатын жандардың басын біріктіріп, тәжірбие алмасуына мүмкіндік жасау,-дейді.

Ақ жайық өңірінде ұйымдастырылған шараға 7 спикер арнайы шақыртылған. Олардың қатарында еліміз бен оның елдерге танымал "Синегерия -Қазақстан" университетінің негізін қалаушы, " Яндекс-таксидің" негізін қалаушы, әрі долларлық миллионер мен Қазақстанда танымал болған дүкеннің иелері өз тәжірбиелерімен бөлісті. Олар қиындықтарды еңсере отырып, табанды жұмыс жасау керектігін айтады.

Аталмыш форум -жиналған қауымға үлкен мотивация сыйлап, диалог орнатуға өз септігін тигізе білді.

Табысты кәсіпкерлердің басын қосқан форум келешекте де өз жалғасын таппақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.